Сезім. Әсемдік. Стратегия.


Қазіргі нарықта тек өнімді көрсету жеткіліксіз — адамдар брендті логикамен ғана емес, сезім арқылы қабылдайды. AyQyz туындылары брендке сезім, әсемдік және стратегиямен есте қалатын визуалды позиция қалыптастырады.

Айдана Меди Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысының тумасы. Бала кезінен өнерге жақын болып, бұл қызығушылығын кәсіби деңгейге көтеру мақсатында, Канададағы Toronto Film School оқу орнында кино режиссурасын аяқтады.

Оқу барысында да, одан тыс та түрлі жобаларға қатысып, шет елде өз жобаларын жас режиссер ретінде жүзеге асырды.

About the director:

Her Mission:

Оның жұмыстарында нәзіктік жиі көрініс тапқанымен, негізгі бағыты — назардан тыс қалатын сезімдер мен көзқарастарды ашу, көрерменмен терең ішкі байланыс орнату. Сонымен қатар, Айдана өз туындыларында Орталық Азияның мәдени кодын заманауи визуал тіл арқылы қайта таныстыруды мақсат етеді.

Her Vision

Айдананың көзқарасы балалық шақтан бастау алды — естеліктері, бақылауы және күнделікті өмірдің әдеміліктеріне деген қызығушылығы арқылы қалыптасқан. Ол адам табиғатынан, өмірдің қарапайым сәттерінен және мәдени реңктерден шабыт алады. Оның туындыларында басты рөлді сыртқы әсемдікпен қоса эмоциялық шынайылық атқарады.