Qyzğa qyryq üyden tıyım

“Бұл авторлық жобамда мен «қызға қырық үйден тыйым» ұғымының санаға сіңген көрінбейтін шектеулерін зерттедім. Әжелердің көзқарасы, аналардың ескертуі, қоғамның үнсіз бақылауы — бәрі қыз баланың ішкі әлемін қалыптастырады. Бұл жұмыс “болмайды” мен “ұяттың” арасындағы тыныш қысымды сезіндіру талпынысы болды.

Жоба бірнеше қысқа видеодан құралған тұтас көркем әңгіме ретінде құрылды. Осындай формат әлеуметтік-мәдени тақырыптарды нәзік әрі адамға жақын тілде ашуға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл құндылық, еркіндік, өзіндік болмыс тақырыбында аудиториямен терең эмоциялық байланыс орнатудың тиімді құралы бола алады.