Qobyz üni
Ұлмекен Шодырованың жеке концертіне шақырту видео.
Маңғыстау облыстық филармониясына түсірілген афиша видеосында дәстүрлі қобыз үні мен бүгінгі өмір тынысының арасындағы байланысты зерттедім. Қазақтың салт-дәстүрі мен күнделікті тұрмысы кадр ішінде табиғи тоғысып, музыка тек сахнадағы орындау емес, өмірдің өзінен шығатын үн ретінде көрінеді. Осы тәсіл арқылы филармония заманауи аудиторияға жақындай түсіп, дәстүрді тек мұра емес, бүгінгі күннің тірі бөлігі ретінде қабылдатуға мүмкіндік алды.